Атырау, 26 қараша 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Еуро-5 жанармайы енді Қазақстанда да өндіріледі

1 485 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында экологиялық жағынан таза өнім саналатын Еуро-5 жанармайын өндіруге арналған кешен құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлады www.24.kz.

Бірінші кезеңде жылына 200 мың тонна жоғары октанды этилсіз Ка5 бензинін өндіру жоспарда. Ал екінші іске қосу кешені аясында экологиялық таза дизель отыны шығарылмақ. Құны 200 млн АҚШ доллары болатын жоба өткен жылы индустриаландыру картасына енгізілген. Шығындардың өтелу мерзімі - 8 жыл. Осы арқылы Қарашығанақ кен орнында шикізатты терең өңдеу өндірісі өрістеп, тиісінше дайын өнімді сыртқы нарықта саудалау көзделіп отыр. «Конденсат» компаниялар тобы басшысының айтуынша, зауыт осы жылдың үшінші тоқсанында іске қосылмақ. 

«Кедендік одақ және қазіргі Еуразиялық экономикалық одақ елдері 5 класты бензинді қолдануға біржола көшті. Қазақстан бұған енді ғана кірісіп жатыр. Біздің міндетіміз - Батыс Қазақстан мен көршілес облыстарды сапа стандартына сай өніммен қамтамасыз ету. Қазірдің өзінде біз ресейлік өндірушілермен бәсекелестікке дайынбыз деп есептеймін", деді «Конденсат» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісов.

Дереккөз: inform.kz

10 ақпан 2015, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.