Фото: КАЗИНФОРМАстана. 9 ақпан. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстан Ресейден келетін ашық түсті көмірсутектердің жеткізілімдеріне шектеулер енгізуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» (ҚМГ) АҚ басшысы Сауат Мыңбаев.
«Қазір әңгіме мынада, РФ-дан келетін тасылым көлемі бұрынырақ индикаторлық баланс арқылы қарастырылған көлемнен біршама асады. Дегенмен, менің түсінуімше, қазір Ресей Федерациясынан келетін мұнай өнімдерінің жеткізімдеріне деген шектеулер бойынша нақты шешімдер қабылданған жоқ, және де мен ондай құжаттардың жобаларын да білмеймін. Мен ондай шектеулер болмайды деп түсініп отырмын», - деді С. Мыңбаев дүйсенбі күні ҚМГ қызметі мәселелері жөніндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Ресейден Қазақстанға келетін ашық түсті мұнай өнімдерінің дәстүрлі жеткізім көлемі жылына 1,8 млн тонна деңгейінде болатын. Бұл көлем жыл сайын ҚР мен РФ арасындағы көмірсутекті индикаторлық баланс арқылы анықталып, расталған.
Мұнымен қатар ұлттық компанияның басшысы Қазақстанның ішкі нарығының ашық түсті мұнай өнімдерімен тауарбастану белгілері аңғарылатынын жеткізді.
«Бүгінгі таңда барлық өңірлердегі сұйыққоймалар шын мәнінде лық толы, және бұл біздің мұнай өңдеуші зауыттарымыздың жүктеліміне байланысты белгілі бір проблемалар тудырады», - деп атап өтті С. Мыңбаев.
Дереккөз: ҚазТАГ