Атырау, 15 ақпан 03:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Ақордада Назарбаевтың қатысуымен қазақстандық армияның ағымдағы жағдайы талқыланды

1 761 рет қаралды

Фото: today.kzФото: today.kzАстана. 9 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевты және қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақовты қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы, олардың жауынгерлік қабілетін арттыру, сондай-ақ заманауи әскери техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз етілу мәселелері талқыланды», - делінген Ақорда сайтындағы дүйсенбілік хабарда.

Президент елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін және әскери-техникалық ықпалдастықты одан әрі дамыту, әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын ұдайы жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚазТАГ

9 ақпан 2015, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.