Атырау, 26 қараша 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Назарбаев мемлекеттік жастар саясаты және ілеспе түзетулер туралы заңға қол қойды

4 773 просмотра

Фото: ИА Новости-КазахстанФото: ИА Новости-КазахстанАстана. 9 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жастар саясаты және ілеспе түзетулер туралы заңға қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы жастардың мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын, олардың әлеуметтік инфрақұрылымға қол жетімдігін қамтамасыз етуге, жастар саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың жауапкершілігін жоғарылатуға бағытталған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңына қол қойды», - делінген Ақорда сайтындағы дүйсенбілік хабарда.

Бұған дейін хабарланғандай, құжат мемлекеттік жастар саясатының жалпы қағидаттарын, міндеттері мен тетіктерін орнатады.

Сөйтіп, мемлекеттік жастар саясатының міндеттері болып табылады: жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, азаматтылыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары болып анықталды: қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту; денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру; жұмысқа тұру мен еңбекпен шұғылдануға арналған жағдай жасау; кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай жасау; жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана жүйесін дамыту; құқық мәдениетінің деңгейін арттыру және жемқорлықтың көрінуіне төзбеушілікке тәрбиелеу; экологиялық мәдениетті қалыптастыру; дарынды жастардың дамуына жәрдемдесу, мәдени бос уақыт және демалыс үшін жағдайды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру тетігі болып кеңестемелік-жиналыс органдарының қызметі, республикалық және өңірлік жастар форумдары, әлеуметтік инфрақұрылым мен жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастар ресурстық орталығы анықталған.

Одан өзге, мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз етуге және әлеуметтік қолдауға бағытталған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

9 ақпан 2015, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.