© РИА Новости, Алексей НикольскийАСТАНА, 9 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 11 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
"11 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.Отырыс барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланады деп жоспарланып отыр",-делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралады.
Дереккөз: newskaz.kz