Атырау, 26 қараша 19:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР әкімшілік полициясы: автокреслолардың жоқтығы үшін айыппұл салуға ешқандай мораторий енгізілген жоқ

1 569 просмотра

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті автокреслолардың жоқтығы үшін айыппұл салуға екі айлық мораторий туралы қаңқу әңгімелерді теріске шығарды.

«(Автокреслолардың жоқтығы үшін көлік иелеріне айыппұл салуды – ҚазТАГ) ешқандай кейінге қалдыру немесе мораторий тағысын тағы жоқ. Қазіргі таңда біз жай ғана түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, инспекторлар да хаттама толтырып жатқан жоқ», - деді комитеттің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина дүйсенбі күні агенттікке.

Мұнымен қатар ол түсіндіру жұмыстарының қашан аяқталатынын нақтыламады.

«Жыл басынан бері осы бап бойынша Астанада небары 6 хаттама толтырылған және тек балаларды жүргізушілердің алдыңғы отырғышта балаларға арналған тұтқыр құрылғысынсыз тасымалдағаны үшін, өйткені бұл норма өткен түзетімде де болған (...), бұрынырақ та алдыңғы отырғышта 12 жасқа дейінгі балалар тұтқыр құрылғылармен тасымалдануы тиіс деген талап болған», - деп толықтырды ол.

Бұған дейін БАҚ автокреслолары жоқ көлік иелері үшін айыппұл түріндегі жаза 2 айға кейін шегерілді деп хабарлаған болатын. 

Дереккөз: ҚазТАГ

9 ақпан 2015, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.