Фото: yk-news.kzАлматы. 9 ақпан. ҚазТАГ – АН-2 ұшағында зардап шеккен Әсем Шаяхметова сауығу кезеңінде ай сайын Т750 мың алып отырады, делінген «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС хабарында.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Үкімет тарапынан тағайындалған комиссияның Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауының себеп-салдарын тексеру жұмыстарының соңғы шешімін күтпестен, апатқа ұшырағандардың отбасыларына өтемақы төлеуге шешім қабылдады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС –інің 3 жақты : жұмыс беруші, жұмыскерлер және кәсіподақ ұйымының біріккен ұжымдық шартында көрсетілгендей, жұмыс кезінде қаза тапқан жұмыскерлердің отбасына , асыраушысынан айырылған жағдайда орташа жалақының 10 жылдық үстемақысы бірден төлене ді», - делінген құжатта.
Сонымен қатар, қайтыс болғандардың кәмелетке толмаған балаларына кәмелет жасына толғанға дейін ай сайын тұрақты жәрдемақы тағайындалады.
Асем Шаяхметоваға емі аяқталып, жазылғаннан кейін, емнің жалпы сомасы анықталған соң төлемақы төленеді. Компания барлық емдеуге кеткен шығынды өз мойнына алады. Сонымен қатар Асем Шаяхметоваға ем қабылдау кезінде оған ай сайын 750 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленіп тұрады. Компания бірінші күннен бастап Асем Шаяхметованың ата-анасының Астана қаласында тұруын қамтамасыз етуде. Асемнің емі біткенге дейінгі жалға алған ата-анасының пәтерақысын компания төлейтіндігі туралы шешім қабылданған.
Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу және ұйымдастыру шығынын да компания өз мойнына алған болатын.
Хабарланғандай, 20 қаңтар күні Жамбыл облысындағы «Шатыркөл» кенішінің маңында көз көрерлік төмен жағдайда (тұман) бола тұрып қонуға бет алған кезде «Балқаш-Шатыркөл» бағыты бойынша ұшып келе жатқан Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 7 адам болған, соның ішінде экипаждың 3 мүшесі бар. Бүкіл экипаж және 3 жолаушы, «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері, қаза тапты, компанияның тағы бір қызметші әйелі тірі қалды. Қазіргі таңда ол Астанадағы ауруханада жатыр. Медиктердің айтуынша, оның халі ауыр, бірақ тұрақты; оны 3 ота күтіп тұр.
Оқиғаны үкіметтік комиссия тергейтін болады. ҚР ҚК 344 бап 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
1973 жылы шыққан ұшақ «Олимп Эйр» ЖШС (тапсырыс беруші «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Балқаш түрлі-түсті металл» ӨБ) компаниясына тиесілі. 2002 жылы ұшақ Ақтөбедегі әуежөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен және 2007 жылы оны «Қазақмыстан» әлгі компания сатып алған. «Олимп Эйр» Қарағандыда 2001 жылдан бері жасап келеді және жеке тасымалдармен айналысады. Компанияның әуе паркі 5 ұшақтан тұрады.
Дереккөз: ҚазТАГ