Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.АСТАНА, 9 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА.Беларусь, Ресей, Украина, Қазақстан, Армения және Грузия елдерінің азаматтары үшін болгарлық туристік визаларды беру рәсімдері жеңілдетіледі, деп хабарлады РИА Новости.
Болгария сыртқы істер министрі Даниэль Митов пен туризм министрі Николина Ангелкова осындай шешім қабылдады.
Өзгерістерде бұрын болгар визасын алған азаматтарға 1 жылға дейінгі мерзімде күшінде болатын «ұйымдасқан туризм» мақсатымен қысқа мерзімді екі реттік немесе көп реттік виза беру көзделген.
Дереккөз: newskaz.kz