Атырау, 26 қараша 19:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«АрселорМиттал Теміртау» жалақы мөлшерін төмендету туралы бұйрықты күшінде қалдырады

1 474 просмотра

Фото: РИА НовостиФото: РИА НовостиҚарағанды. 6 ақпан. ҚазТАГ – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (АМТ) компания жұмысшыларына жалақыларын қысқартатындығы туралы бұйрықты күшінде қалдырады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Компания бірнеше қысқа мерзімдік шаралар қабылдады. Осы себепті мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларына үндеу қабылдап, ол шаралардың себептерін түсіндірдім. Біздің желілік жетекшілер жағдайды түсіндіріп отыр, сондықтан бұйрық (жалақы мөлшерін төмендету туралы – ҚазТАГ) бәрібір күшінде болады», - деді АМТ бас директоры Виджай Махадеван журналистерге жұма күні.

Ол меминспектордың беріп кеткен нұсқауларына қатысты компания заңгерлері жұмыс атқарып жатқанын қосып айтты. Оның айутынша, ауыр жағдай кәсіпорында тағы екі-үш ай жалғасады.

Бұл ретте компнания басшысы жалақылардың кешуігу себепті заң бойынша төленуі тиісті өсімпұлды төлейтін-төлемейтіндігін айта алмады.

«Бүгінге толық мөлшерде жалақыларды төлеудің өзі мүмкін болмай тұр», - деді В.Махадеван.

Одан басқа, АМТ басшысы айтқандай қазір компания өнімінің үштен бірі ресейлік нарыққа жіберілуде. Ал Ресейдегі рубльдің құнсыздануы компания өнімінің бәсекелестігін жойды.

Еске салсақ, 2 ақпанда АМТ АҚ компания уақытша жалақы мөлшерін 25-50%-ға қысқартатынын мәлім еткенді.

Өз кезегінде кәсіподақ ұйымдары компанияның жалақыны төмендету туралы шешімін прокуратурада бұздырмақ ниетін жариялады.

Кейін аталған дерек бойынша, облыс прокуратурасы Қарағанды облыстық еңбек инспекциясына тексеру жүргізуді тапсырды. Тексеру нәтижесі бойынша, АМТ АҚ әкімшілігіне 2015 жылғы 5 ақпанға дейін орындалуы тиіс нұсқау берілді. Ол бойынша компания әкімшілігі жұмысшылардың құқықтарын бұзатын бұйрықты тоқтатып, кері қайтарып алуы тиіс болатын. Еңбек заңдылығын бұзу дерегі бойынша, компанияға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салынды.

1 АЕК=Т1982. 

Дереккөз: ҚазТАГ

6 ақпан 2015, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.