Фото: gazeta.kzАлматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) төрағасы болып тағайындалды.
«Банк кеңесі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі – Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовті банк кеңесінің төрағасы етіп тағайындады», - делінген ЕАДБ-ның жұма күні Мәскеуде өткен банк кеңесінің отырыс қорытындысы бойынша жариялаған хабарында.
Ақпараттық парақшада атап көрсетілгендей, ЕАДБ кеңесі РФ қаржы министрінің орынбасары Дмитрий Панкинді банк басқармасының төрағасы лауазымына тағайындады. Ол бұл міндетке ағымдағы жылдың 18 ақпанында кіріседі.
Одан басқа, банк кеңесі ЕАДБ басқарма төрағасының жаңа орынбасары етіп Максим Коржовты тағайындады.
Еуразиялық даму банкі Қазақстан мен Ресей 2006 жылдың қаңтарында қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық өсімі мен өзара сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне жәрдемдесу мақсатында бекіткен халықаралық қаржылық ұйым болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы $1,5 млрд-тан асып жығылады. Банкінің қатысушы мемлекеттері: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.
Дереккөз: ҚазТАГ