Атырау, 4 қазан 18:21
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

"Кекшіл" депутаттар Әділет министрімен жарты жыл бойы амандаспай қояды

1 892 просмотра

Фото: nur.kzФото: nur.kzҚР Әділет министрі Берік Имашев кәсіби саладағы келіспеушіліктерге байланысты кейбір депутаттардың өзімен жарты жылға дейін амандаспай қоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның кеңейтілген отырысына Парламенттің қос палатасының да өкілдері қатысты. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сөз сөйлегеннен кейін министр: "Ақ жол" фракциясына алғыс айтқым келеді, ведомствоаралық комиссияда заң жобасы қызметін талқылаған кезде теріс баға алса, сіздің фракция оны жеке қарым-қатынас деңгейіне жеткізбейді", - деді.

"Кейбір депутаттар бар, біз қорытынды шығарған кезде оны жеке қарым-қатынастарға ауыстырып, амандаспай қояды, арасында менімен 20 жылдан бері дос болып жүргендер де бар. Байқағаным, шамамен жарты жылдан кейін қайтып сөйлесе бастайды", - деді Имашев.

Министр депутаттардың шенеуніктерден "кек алатынын" айтты. "Бір жағынан біз сіздердің ведомствоаралық комиссиядағы ұстанымымыз үшін жалпы отырыста оған қатты сөз қайтаратындарыңызды түсінеміз. Бірақ екінші жағынан заң шығару процесі -шығармашылық, ол жерде эмоцияның да болатыны да белгілі", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 ақпан 2015, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.