Атырау, 26 қараша 19:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шетелде емін-еркін жүруге рұқсат ететін куәлік беріле бастады

2 050 просмотра

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Жерлестеріміз енді шетелде де емін-еркін көлік жүргізе алады. Елімізде жер шарыныӊ 193 мемлекетінде темір тұлпарды тізгіндеуге мүмкіндікті жаӊа жүргізуші куәлігі беріле бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халықаралық мұндай құжат бізде бұрын-соӊды болмаған. Енді мынадай жасыл түсті пластикалық куәлікпен сіз кез-келген мемлекетте темір тұлпарды тізгіндей аласыз. Жаӊа құжатты әзірге тек 40 адам сатып алған. Бағасы 26 мыӊ теӊге. Куәлікпен бірге ақ түсті кітапша да беріледі. Оны да шетел асқанда қалтадан тастамай алып жүру міндетті. Әйтпесе, өзге елдіӊ жол полицейлері біраз әбігерге салуы мүмкін, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Ерлан Ыбыраев, Халықаралық жүргізушілер қауымдастығыныӊ жетекші маманы:

-Ұлттық жүргізуші куәлігімен көп елдерде көлік жүргізе алмайсыз. Мәселен, Бірікке Араб Әмірлігінде біздіӊ құжаттыӊ күші жоқ. Сол себепті де халықаралық жүргізуші куәлігін алу қажет. Оны жүргізушілер қауымдастығыныӊ кеӊсесінен рәсімдеп аласыз.

Дереккөз: kt.kz

6 ақпан 2015, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.