Атырау, 26 қараша 19:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өзін-өзі атқан Қостанай ІІБ қызметкері қайтыс болды

2 294 просмотра

Фото: kstnews.kzФото: kstnews.kz5 ақпан күні өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген Қостанай ІІБ қызметкері жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

6 ақпан күні сағат 10.10-да дәрігерлер ішкі істер қызметкерінің қайтыс болғанын анықтады. Басына тиген оқ оның миын зақымдағандықтан оны құтқару мүмкін болмаған.

Бұған дейін Қостанай ІІБ қызметкерінің өзін-өзі өлтіруге әрекеттенуіне оның өз қызымен жанжалдасып қалғаны себеп болуы мүмкін екені хабарланған еді. "Қазіргі уақытта тергеушілер полиция қызметкерінің құрбысымен телефон арқылы сөйлескенінен кейін Қостанай ІІБ ғимаратынан шығып кеткенін анықтады. Ол қоңырауға жауап бермеді, соған байланысты жол-патруль полициясы оны іздеуге шықты. Сағат 10.40-та полицей отырған автокөлік Майлин көшесінен көзге шалынып, патруль жасағы оны арнайы құрал мен қаруды қолданбай-ақ тоқтатты", - деп хабарлаған болатын облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Жарасхан Ақбердиев. Полиция тәртіп сақшысының құрбысынан жауап алды, ол жігітімен арада қызғанышқа байланысты жанжал шыққанын растады. Оқиғаға қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, 5 ақпан күні Қостанай ІІБ қызметкері өз машинасында табель қаруымен өзін-өзі басынан атқан еді. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, оны ауруханаға жеткізді. Полицей жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 ақпан 2015, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.