Атырау, 28 желтоқсан 00:48
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Өрт қоюшы камерадан қорықпаған

2 741 просмотра

Интернетте адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТЫҢ автокөлігінің өртенуі түсірілген бейнежазба пайда болды.

Естеріңізде болса, 15 тамызға қараған түніКанцев көшесіндегіүйдің ауласында белгісіз біреулер оның қымбат тұратын көлігін өртеп кетті. Бұл оқиғадан кейін адвокат қалада өздеріне жақпаған адамдардың көліктерін өртеп жіберуге маманданған банда бар деп мәлімдеген болатын. Соңғы екі-үш жылда күш құрылымдары мен бизнесмендердің шамамен елудей автокөліктері өртелген. Жолболов облыс прокурорының және ҰҚКД бастығының атына ресми арызын жазды. Бұдан басқа, ол жедел басқару орталығынан қылмыстың бейнекадрларын, сондай-ақ, 500 метр радиуста орнатылған бейнекамерадан түсірілген жазбаны алу туралы өтініш берді. 

Ал, бейнежазба болса,  «өрмекші торында» серуендеп жүр. 16 минуттық жазбада оң жақтан автокөліктің бір бөлігі көрініп тұр, соған қарай келе жатқан адамның көлеңкесі әзер-әзер байқалады (түнде полицейлік бейнекамералар іс жүзінде «соқыр» болып қалады). «Инфинити» жанында оның не істеп жүргендігі көрінбейді, бірақ бірнеше минуттан соң жарылыс естіледі. Жалынның жарығымен басын төмен салған адам сұлбасының ауладан шыға, зытып бара жатқандығы көрініп қалған. Жазба соңында өрт сөндірушілер келіп жатады.

Адвокат, айтпақшы, түннің ортасы ауғанша бұл камераның өз көлігін толығымен алып тұрғандығын, ал, кейін камераны сол жаққа қарай бұрып қойған деп есептейді. Бұл кездейсоқтық болмауы мүмкін. Бұл туралы Жолболов құқық қорғау органдарына шағымданды.

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз 2011, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.