Атырау, 4 қазан 18:17
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын қабылдау мақсатқа сай емес - депутат Р.Мұқашев

2 329 просмотра

Фото: picma.ruФото: picma.ruАСТАНА. ҚазАқпарат - «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын қабылдау мақсатқа сай емес. Бұл туралы бүгін Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Әділет министрлігі бастамашы болған аталған заң жобасы 1 жылдан астам уақыттан бері Парламент  қарауында жатыр. «Заң жобасы жеке детективтерге жеке әңгіме жүргізуге, ақпарат алу үшін жеке және заңды тұлғаға сауал жолдауға, қоғамдық ұйым құруға құқық беруді қарастырады. Бұған қоса, депутаттар жеке детективтердің өкілеттігін кеңейтпей, бұл институт Қазақстанда толыққанды  жұмыс жасай алмайды деп санайды және заң декларативті сипатқа ие болады. Бұл азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы қосымша мүмкіншіліген айырады», - деді депутат.

Сондықтан да оның айтуынша, аталған заң жобасына құжат мәтінінің жартысынан астам көлемге түзетулер енгізілуде.

«Орын алған жайтқа орай біздің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет дәл қазіргі уақытта аталған заң жобасын қарау әрі қабылдау мақсатқа сай келмейді деп санайды», - деді Р.Мұқашев.

Дереккөз: inform.kz

6 ақпан 2015, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.