Фото: Қазақстан жаңалықтары АААстана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы атап өтіледі. Осыған байланысты Наурыз бен Қазақстан халқының бірлігі күнін халқымыздың тұтастығы мен көпэтносты қоғамдағы келісім тақырыбымен орайластырып мерекелеген жөн. Бұл жұмыстарды қазірден бастау керек», - дел келтірілген бейсенбіде Ақорда сайтында орналасқан хабарда Н.Назарбаевтың сөзі.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Астанаға айрықша маңыз берілген «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арнайы назар аударды. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында елорданың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары атқарылатын болады.
Қазақстан Президенті қаланың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру, шағын және орта бизнес субьектілерін ілкімді қолдау қажеттілігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартуға, адами капиталды дамытуға байланысты міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырды.
Өз кезегінде Ә.Жақсыбеков мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жайы, сондай-ақ Астананың алдағы қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға әзірлік барысы туралы баяндады.
Қазақстан президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Дереккөз: ҚазТАГ