Фото: forbes.kzАлматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын қайтадан «Газпром» ААҚ директорлар кеңесіне ұсынды, делінген компания таратқан хабарда.
Таратылған ақпараттық хабарда аайтылғандай, директорлар кеңесі компания акционерлерінің жылдық жиналысын 2015 жылы 26 маусымда Мәскеуде өткізу туралы шешім қабылдады.
Еске салсақ, ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының президиум төрағасы, қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық Kazenergy кешені ұйымы қауымдастығының төрағасы Т. Құлыбаев 2011 жылдан «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Ресейлік «Газпром» ААҚ негізгі қызмет бағыты көмірсутектерін геологиялық барлау, өндіру, тасымалдау, сақтау, өңдеу және сату, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіру және сату.
Дереккөз: ҚазТАГ