Атырау, 28 желтоқсан 00:07
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Өлі» төлқұжат бергендер жұмыстан қуылды

2 800 просмотра

Кісі өлтірді деп күдіктелген азаматқа қаза тапқан адамның атына төлқұжат берген жайтқа қатысты тергеу жұмысы жалғасуда. Әділет органдарында жұмыстан шығарылғандар бар.  

Естеріңізіге салсақ, осы жылдың көктемінде прокурорлық тексеру әділет басқармасында даулы фактіні анықтады. Полиция кісі өлтіргендігі үшін іздеп жүрген Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жаңа төлқұжат алған. Бұл құжат 2002 жылы қала маңында орналасқан Ақжар ауылында туберкулезден көз жұмған адамның атына жазылған.  

2008 жылдың мамыр айында белгісіз тұлға өлген кісінің атынан қалалық әділет басқармасына ҚР азаматының төлқұжатын алуға арыз берген. Құжат оған сол жылдың маусым айында берілген. Айтпақшы, 2008 жыл мен 2010 жылдар арасында қылмыскер осы құжатпен Астрахан облысының шекарасынан «Құрманғазы» бақылау-өткізу бекеті арқылы бес рет шығып отырған («ЖС» №14, 07.04.11 «Өлі» төлқұжатқа ие болған қылмыскер»).

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш ӘБЛЕЗЕВТЫҢхабарлағанындай, күдіктінің шығу тегі мен тұрған жері анықталды.  Енді қалғаны оны қолға түсіру.   «Қазіргі уақытта құжатты беруге қатысы бар әділет басқармасының екі қызметкері біздің ұсынымымыз бойынша жұмыстан қуылды. Олардың құжатты әдейі берген-бермегені әзірге белгісіз, - деп атап өтті. Қ.Әблезев    

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз 2011, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.