Атырау, 9 қараша 03:01
 бұлттыВ Атырау +1
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ішімдік ішкендерді полицейлер емес, медиктер қабылдайды

3 819 просмотра

1-ші қаңтардан бастап медициналық айықтырғыштар ІІМ жүйесінен Денсаулық сақтау министрліктерінің құзырына берілетін болады.

Айықтырғыштарды медиктердің қолына беру туралы мәселе бірнеше жыл бойына талқыға салынған болатын. Оған басты дәлелдердің бірі Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасы болды. Медициналық айықтырғышқа түсетін азаматтардың 70 пайызы алкогольге тұрақты тәуелділіктен жапа шегеді екен. Көпшілігі медициналық көмекті қажет ететін зақымдармен түсіп жатады. Ал айықтырғыштарда әрі қарай бақылау мен емдеусіз тек алғашқы медициналық көмек көрсету мүмкіндіктері ғана бар. Тағы бір  себеп азаматтарды айықтырғышқа негізсіз жеткізу фактілері болып отыр.

Нақ Жаңа жыл алдында орталық БАҚ-тарда мереке күндері айықтырғыштар жұмыс жасамайды, өйткені қазір оларды бір мекемеден екіншісіне ауыстырып жатқан өтпелі кезең басталды деген хабарлар жазылып жатты. Біз Атыраудың қоғамдық тыныштығын бұзған азаматтарды қайда жеткізетінін білуге тырыстық. Сөйтсек, қалада медициналық айықтырғыш денсаулық сақтау жүйесіне көшіп, ол наркодиспансердің құрылымында жұмыс істейді екен. «Айықтырғыш» деген сөзді ұмытыңыз, енді бұл мекеме «Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы» деп аталады, - дейді облыстық наркодиспансердің бас дәрігері Еркебұлан ТӨЛЕНОВ. Дегенмен, бұл қаладағы танымал орынның жұмысындағы бір ғана өзгерістер емес. Біріншіден, бұрынғы айықтырғыш, ал қазіргі орталық Балықшыдағы бұрынғы наркология ғимаратына көшкен. «Бұрынғы ғимарат медициналық мекемелер ұсынған санитарлық нормаларға сай келмейді. Бұрын айықтырғыш қызметі тек мас адамның оның қабырғасында ұйықтап шығуымен ғана шектелетін. Қазір біз сараптама жасаймыз, масаю дәрежесін анықтаймыз, ал қажет болған жағдайда пациенттерге алғашқы медициналық көмек көрсетеміз: асқазандарын шаямыз, дәрі тамызғыш қоямыз. Бізде бұл үшін барлық жағдай жасалған», - деп Е.Төленов өзгерістерге комментарий берді.

Рас, пациенттерді «Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына» жеткізу полицейлердің еншісінде қалды. Медиктер жеңіл дәрежеде масайған пациенттерді үйлеріне жібереді, ал қалғандарына тәулік бойына бақылау жасайды. Егер осы уақыт ішінде адамдар есін жиса, демек дәрігерлер өз істерін атқарғаны. Ал егер оның жағдайы бұрынғыша ауыр күйде қалса, дәрігерлер оған медициналық кәртішке ашып, ол стационарлық жағдайда емделетін болады. Орталыққа келу және емделу тегін.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

29 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.