Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.АСТАНА, 5 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі үнемдеу мақсатында шетелдік іс-сапарларын қысқартуда, деп хабарланады министрліктің Facebook-тегі парақшасында.
Хабарламада көрсетілгендей, ҚР сыртқы саяси ведомство басшысы Е. Ыдырысовтың төрағалығымен Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамының кезекті жиналысы әлемдегі орын алып отырған экономикалық ахуал мен оның елімізге тигізіп отырған салдары тақырыбы аясында өтті.
"Осыған орай жиналыстың күн тәртібінде бюджет қаражатын үнемдеу мен шығындарды реттеу мәселелері болды. Министр өзінің және жалпы министрлік басшылығының шетелдік іс-сапарларының айтарлықтай қысқарғанын айтты. Дәл осындай тәртіп Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне де қатысты", - деп ақпараттандырды баспасөз қызметі.
Дереккөз: newskaz.kz