Алматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда тұңғыш рет өлі донардан үш органды алып басқаға салу отасы жасалды, деп мәлім етті №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Болатбек Баймаханов.
«Алматыда тұңғыш рет миы өлген донордан мультиорган алынды. 5 қаңтарда қаза болған туыстары органдарды алуға келісімін берді. Нәтижесінде төрт пациенттің денсаулығын құтқару мүмкіндігі туындады. Қаза болғанның бауыры мен бүйрегі №7 аурухана пациенттеріне салынды, тағы бір бүйректі Сызғанов ат. хирургия орталығында, жүректі – Астана клиникасында алмастырды. Біздің ауруханада бауыры алмастырылған пациенттің жағдайы жақсы», - деді бейсенбі күні Б. Баймаханов баспасөз мәслихатында.
«Біз қаза болған донордың туыстарынан органдарды басқаларға алмастыруға әр кез рұқсат аламыз. Республикада үйлестіруші желі қызмет атқарады, егер донор пайда болса, оның туыстарымен әдетте психологтар жұмыс жасайды», - деді Б. Баймаханов.
Ол сондай-ақ қаза болғандардан органдарды басқаларға салу әдісін кеңінен насихаттау керек дейді. Себебі тірілерден орган алмастыру әдісі «проблеманы шешпейді».
«Жағдай жақсарып келеді. Егер 2012 жылы туыстарының келісім беруінің тек 1 оқиғасы тіркелсе, 2013 жылы – 3, 2014 жылы - 10, және 2015 жылы қазірдің өзінде – 1 адамның келісім беруі орын алды», - деді Б. Баймаханов.
Оның айтуынша, қазақстандық клиникалардың жағдайы жылына 1 мыңдай трансплантация жасауға мүмкіндік береді. 2014 жылы әр түрлі органдарды трансплантациялаудың 222 отасы жасалды. Сонымен қатар Қазақстанда 1 млн халыққа 1,5 мың адам бүйректі алмастыруға мұқтаж, бауырды – 1 млн халыққа 500 адам, жүрекке – 1 млн адамға 50-60 адам мұқтаж.
Сондай-ақ Б. Баймаханов трансплантация жасау отасының бағасы Т6 млн тұратынын және ол мемлекет есебінен жасалатынын жеткізді. Әлемдік тәжрибе көрсетіп отырғандай, алмастырылған органдардың жаңа ағзаға қабылдануы 92-93% екен, ал Қазақстанда ол 100%.
Дереккөз: ҚазТАГ