Атырау, 26 қараша 19:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Гүлжан Ерғалиева аштығын тоқтатты

1 876 просмотра

Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева Алматы қалалық сотында. Алматы, 5 ақпан 2015 жыл.Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева Алматы қалалық сотында. Алматы, 5 ақпан 2015 жыл.Бүгін «Adam bol» журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның талабын қолдау штабы оның 18 күнге созылған аштық акциясын тоқтатқанын мәлімдеді.

"Ерғалиеваның денсаулығы кәдімгідей нашарлады. Көпшілік тарапынан наразылық акциясын тоқтату ұсыныстары түсе бастады. Бірақ Гүлжан Ерғалиева аштық ұстау арқылы 5 ақпанға дейін екінші сот инстанциясының шынайы түрде өтуін талап етті" делінген штаб мәлімдемесінде.

Гүлжан Ерғалиева 5 ақпан күні сағат 13-те аштығын ресми түрде тоқтатқан.

«Adam bol» журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева басылымды жабу және одан «жала жапқаны үшін» Алматыдағы орталық мешіт наиб-имамы Ерсін Әміренің пайдасына ірі көлемде айыппұл өндіріп алу туралы сот шешіміне қарсылық ретінде қаңтардың 19-ынан бері Алматыда аштық акциясын жариялаған.

Дереккөз: azattyq.org

5 ақпан 2015, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.