Астана. 5 ақпан. Baq.kz – Қазақстанда трансплантацияның дамымауы менталитетке байланысты. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтың басқарма төрағасы Юрий Пя айтты.
- Қазақстанда трансплантация саласы дамып келе жатыр. Негізі тарсплантация деген медициналық қана емес, əлеуметік проблема болып табылады. Ал бізді өз тарапымыздан айтатын болсам бүгінгі күні ағзаларды ауыстыратын мамандар бар жəне олар дайындықтан өткен. Алайда біздің менталитет донорлыққа дайын емес. Сондықтан біздің ел бұл салада дамыған елдерден бірнеше есе артта қалып отыр. Менің ойымша алдағы уақыттарда біз орташа стандарттарға келеміз, - деді Ю.Пя.
Айта кетейік, Ұлттық ғылыми кардиохиоургия орталығы бүгінгі күнге дейін донорлық жүректі трансплантациялау бойынша 11 операция жасады. Соның ішінде əйел адамға трансплантация алғаш рет жаңа жыл қарсаңында жасалған. Сонымен қатар ЖФСЖ бар емдеушілердің жүректің оң жақ асқазанын имплантациялау бойынша 100-ден аса операция жасаған. Олардың 91% ер адамдар, орташа жасы 50 жас.
Дереккөз: baq.kz