Атырау, 26 қараша 19:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы таныстырылды

2 377 просмотра

Фото: inform.kzФото: inform.kzАстана. 5 ақпан. Baq.kz – Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасының жаңа редакциясын таныстырды.

Заң жобасы мемлекеттік сатып алуды жеңілдету, сыбайлас жемқорлық, құқық қорғау және әлеуетті жеткізушілердің заңды мүдделерінің қаупін азайту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мүшелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

- Заң жобасының қабылдануы сатып алуды электронды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сатып алу үлесін қысқартып, веб-порталдың меморган ақпараттық жүйесімен ықпалдасуын қамтамасыз етеді, - деді Бақыт Тұрлыханұлы.

Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеу барысында сатып алудың салыстырмалы түрі ретінде Самұрық-Қазына, табиғат ресурстарын пайдалану, табиғи монополиялар субъектісі, ұлттық компаниялар мен фармациялар бойынша сатып алулардың талдамасы жүргізілген көрінеді.

- Алдын ала жасалған сараптама қорытындысы бойынша заң жобасы кәсіби және құжатқа деген сұраныс тәртібін жеңілдетеді. Сонымен қатар, сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілердің санын көбейтеді, - деді министр.

Дереккөз: baq.kz

5 ақпан 2015, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.