Фото: tengrinews.kzАлматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – Француз соты қазақстандық бизнесмен Мұхтар Әбләзовты экстрадициялау туралы істі тыдаудың жаңа күнін тағайындады, деп хабарлады ТАСС.
«France-Presse агенттігі хабарлағандай, Париждің кассациялық сотында сәрсенбі күні осы процессті 18 ақпанға көшіру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, экстрадиция датасы әзірге анықталған жоқ, ал Әбләзовтың өзі Франция қамауында қала береді», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, биылғы қазанда Лионның аппеляциялық соты Ресейдің қашқын кәсіпкерді қайтарып беру туралы сұрауын қанағаттандырды. Ол ірі жымқырулар жасаған деп айыпталады. Оны экстрадициялауды Украина басшылығы да сұраған болатын, бірақ француздардың әділет министрлігінің шешімі ресейліктерге басымдық берген. М. Әблязовтың жақтаушылары ол шараны кассациялық сотта бірден бұздыруға әрекеттенді, бірақ сот әлі күнге шешім шығарған жоқ.
Қазақстандық БТА банкінің бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Францияның Көгілдір (Лазурный) жағалауында 2013 жылы шілдеде халықаралық ордерге сай ұсталды.
«Алдымен $5 млрд шамасындағы сомаға алаяқтық жасағаны үшін Ресей айып тақты, кейін Украина құқық қорғау органдары да $400 млн сомасында заңсыз операциялар жасаған деп айып тақты. Осыдан соң кәсіпкер жасырынып кетіп, кейін оған интерпол желісімен халықаралық іздеу жарияланған», - делінген хабарда.
М. Әблязовтың жақтаушылары оны қудалаудың астарында ең алдымен саяси себеп бар деп отыр. М. Әблязовтың өзі айыбын толығымен теріске шығарып отыр.
Бұрын хабарланғандай, 2014 жылы 24 қазанда Лионны аппеляциялық соты БТА экс-басшысын Ресей мен Украинаға экстрадициялауды заңды деп тапты. Бұл ретте Ресей өтініші басымдықпен қаралды.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары «БТА Банкі» АҚ-ның 5 млрд АҚШ долларынан астам қаражатын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған басшылық жасау деректері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.
Аталған қылмыстық істер бойынша 2009 жылғы 6 наурызда М.К. Әбләзовқа оны ұстау мен экстрадициялау мақсатында қамауға санкция бере отырып, халықаралық іздеу жарияланған.
Мұнымен қатар бірқатар қылмыстарды жасау айыптары бойынша Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдары М.К. Әбләзовқа іздеу жариялады
М.К. Әбләзовтың және оның сыбайластарының әрекеттері Кипр, Венгрия және Латвияның құқық қорғау органдарының қылмыстық тергеулерінің нысаны болып табылады. Ирландия мен Финляндияның уәкілетті органдары М.К. Әбләзовтың үлестес компанияларының қызметтерінде тексерістер жүргізуде.
Одан бөлек, 2012 жылғы ақпанда Ұлыбританияда Лондонның Жоғары Сотының шешімімен сотты құрметтемегені үшін М.К. Әбләзовқа 22 ай мерзімге түрмеге қамау түріндегі жаза тағайындалды, алайда ол ағылшындық сот төрелігінен бой тасалады.
2013 жылдың 2 тамызында Қазақстанның бас прокуратурасы Францияға М. Әбләзовты экстрадициялау туралы өтініш жіберген. Сондай-ақ экстрадиция туралы өтінішін Ресей де жолдаған.
2014 жылғы 9 қаңтарда француздық сот Украина мен Ресейдің экстрадиция туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл ретте француздар М. Әбләзовты Ресейге беруді басым деп шешті.
Бұл ретте, француздардың Liberation газетінің мәліметтерінше, БТА банк экс басшысы Франция түрмесінде аппеляциялық соттың оны экстрадициялау туралы шешіміне кассациялық шағымды қарастырғанша отырады.
Дереккөз: ҚазТАГ