Атырау, 26 қараша 19:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілді

3 114 просмотра

Астана. 5 ақпан. КазТАГ – Қазақстанда ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілді. ҚР инвестиция және даму министрінің 21 қаңтардағы тиісті бұйрығы мемБАҚ-та жарық көрді.

«Қоса беріліп отырған үлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекітуді бұйырамын», - делінген бейсенбіде жарияланған бұйрық мәтінінде.

Сонымен, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мем ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесіне «Мекенжай тіркелімі»;«Жеке тұлғалар»;«Заңды тұлғалар»;«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры»; «Е-лицензиялау»; «Электрондық үкімет» веб-порталы; «Электрондық үкімет» шлюзі; «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі; Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құж ат айналымының бірыңғай жүйесі. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» кіреді.

Сондай-ақ, «ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі; «KZ домендік атаулары мониторингінің жүйесі»; Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі; «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі»; «Салықтық есептілікті өңдеу сервистері»; «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы»; «Электрондық мемлекеттік сатып алу»; Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі; Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы; «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі де кіреді.

Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

5 ақпан 2015, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.