Атырау, 28 желтоқсан 00:08
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

“Менің енді туғандарым бар”

3 407 просмотра

Балалар үйі мен интернаттарға бару қашанда көңілге ауыр тиеді. Бұл мекемелерде балалар үшін бар жақсының бәрі жасалса да бәрібір ол жанұяның орынын толтыра алмайды. Бақытыма қарай менің «Ақ бота» облыстық балалар үйіне барған осынау кезекті сапарым жағымды бір жаңалықпен байланысты еді: бұл жерде тәрбиеленушілер санының төмендеуі байқалды.

«Ақ бота» 130 балаға есептелген, ал, жаңа оқу жылындағы олардың саны - 70 қана. Оның себептері туралы балалар үйінің директоры Гүлсара БОТАТАЕВА әңгімелейді:

- Жыл басында бірі төрт және бес, жеті жастағы бес тәрбиеленушімізді асырап алушы ата-аналар алып кетті. Екі бала отбасының түзелуіне байланысты туған жанұясына қайтарылды. Тағы бір бала осындай сот шешімін күтіп отыр. Бір қыз баланы туысқандары қамқорлықтарына алды. Нәтижесінде тоғыз бала өмірдегі ең қымбат болып есептелетін  отбасын тапты. 

Ал, биылғы жылы «Ақ бота» балалар үйінде бірден жиырма бір түлек бітірмекші.

- Бұл 9-11 сыныптарды аяқтаған балалар. Олардың барлығы да мамандық алу үшін оқу орындарына түсті. Олардың арасында болашақ мұнай-газ жабдықтарының операторы, дәнекерлеушілер, аспаздар, бастауыш сынып мұғалімдері, ағылшын тілінің, хореография, еңбек пәндерінің  мұғалімдері бар,-дейді Г.Ботатаева.

Бұл жерде бірден екі топқа азайып кетті. Әкімшілік босап қалған бөлме-жайларды қажеттіліктері үшін қолдануда. Олардың бірінде әлеуметтік бейімделу және өзін-өзі тану орталығы құрылған. Бұл жерде балалар шығармашылықпен айналысады, тұрмыс-тірлікке бейімделу сабақтарын алады. Ал, басқа бір бөлмені қыздар үшін тігін шеберханасына айналдыру жоспарланып отыр екен.  Атырау облысы балалар құқығын қорғау департаменті бөлімінің бастығы Фатима БАЙМҰХАНОВА басқа да интернатты мекемелерде де тәрбиеленушілер санының азайып жатқанын атап өтті:

- Біз қазір кейбір ата-аналардың ауыр тұрмыс жағдайын тілге тиек етіп, балаларын  балалар үйі мен интернаттарға оп-оңай тапсыра салатын  масылдық көңіл күйлерін құртуға тырысып жатырмыз. Қазір ондай ата-аналармен арадағы мәселе өткір – олар өз балаларын өз отбастарында тәрбиелейтін болады немесе мемлекеттің қамқорлығына беріп, толығымен ата-аналық құқығынан айырылады. Басты міндет - балалардың өз отбасында тәрбиеленуі. Бізде бірнеше жыл болды, патронатты тәрбиелеу институты жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда он екі  патронатты отбасында он бес бала тәрбиеленуде. Балаларды асырап алу қарқынды өсіп келеді, әрине, біздің  қалағанымыздай емес. Бұл тұста оның өзінің өзгешеліктері бар. Бала асырап алуға ниет білдірушілер көбіне дені сау, жасы 3-ке дейінгі балаларды алғысы келеді. Алдағы уақытта қамқорлық және  қорғаншылық органдары жанынан бала асырап алушы ата-аналар мектебін ашу жоспарланып отыр. Ал, мемлекеттік жаһандық міндет - жетімдікті жою және жалпы қазіргі интернаттық мекемелерден құтылу. Бүгінгі күннің өзінде-ақ, жанұялық типтегі шағын жетімханалар ашу мәселесі талқылануда. Онда кәсіби психологтар өмірде қиындыққа тап болған тек балалармен ғана емес, олардың ата-аналарымен және туысқандарымен де жұмыс жасайтын болады. Өйткені, көптеген жағдайларда балаларды жетімдіктен құтқаруға болады ғой.     

Тамара СУХОМЛИНОВА

25 тамыз 2011, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.