Атырау, 26 қараша 19:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыларды таңғалдырды

2 975 просмотра

Суретті түсірген Роза ӘренСуретті түсірген Роза ӘренАлматыда автобус жүргізушісі жолаушыларды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

YouTube желісіндегі видеоның сипаттамасында жүргізушінің аялдама аттарын қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерінде сауатты хабарлайтыны айтылған. "Көшелерге аты берілген тұлғалардың өмір тарихын жолаушыларға екі тілде баяндайды (...). Таныс болыңыз, Алматы қаласындағы №79 бағытта жүретін муниципалдық қоғамдық көліктің ерекше жүргізушісі - Марат Адамбаев", - деп жазылған.

Сонымен қатар, жүргізушінің бірнеше жыл бұрын Алматы қалалық әкімдігінің ұйғарымымен "Ең мәдениетті қоғамдық көлік жүргізушісі" атанғаны белгілі болды. Автобус жүргізушісі қаладағы аялдамаларды көп тілде хабарлап қана қоймай, сонымен қатар, жолаушыларға тілек айтып, көңілдерін де көтереді.

Видео авторы журналист Роза Әреннің айтуынша, ел арасындағы осындай ерекше жандарды көбірек насихаттау керек. "...Құдай-ау, өңшең боқтампаз, дөрекі жүргізушілердің арасында мынадай білімді, алтын кісі қайдан жүр? Сұхбаттасу керек қой! Оның білімі мен ойлағаннан да терең болып шықты. Оқыңыздар, достарым, пікір қалдырыңыздар! Мұндай кісілерді телеарнада да жақсылап насихаттасақ, артық болмайды", - дейді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 ақпан 2015, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.