Атырау, 26 қараша 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Н. Ерімбетов: Шетелдіктер үкіметтік емес ұйымдарға жай әншейін қаржы бөлмейді

2 710 просмотра

Фото: ortcom.kzФото: ortcom.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтік емес ұйымдарды шетелдіктердің қаржыландыруда жат идеялар бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов мәлім етті.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов мәлім етті.

«Қазақстан азаматы ретінде еліміздің үкіметтік емес ұйымдарын шет елдерден қаржыландыруына қарсымын. Мен түсінемін, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қаржы болмады, қиын кезеңдерге тап болдық. Сол кездері үкіметтік емес ұйымдарға шетелдік қаржы құйылды. Ал бүгінде біз өзіміздің де қаржымызға өмір сүре аламыз. Шетелдіктер жай әншейін ешкімге ақша бермейді. Оның астарында идеялар жататыны мәлім», - деді сарапшы.

Осы орайда Н. Ерімбетов көптеген елдерде, оның ішінде бірқатар еуропалық мемлекеттерде үкіметтік емес ұйымдар саласына шетелдік қаржыны тартуға тыйым салынғанын, бұл тұрғыда тиісті заңдар қабылданғанын атап өтті.

«Біздің мемлекетте барлық жағдайлар бар. Сондықтан да қоғамдық бірлестіктер шетелдік идеяларға тәуелді болмауы тиіс», - деді ол.

Дереккөз: inform.kz

4 ақпан 2015, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.