Атырау, 28 желтоқсан 00:04
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Фарида сотқа жүгінбей ме?

2 331 просмотра

«Cafe INN» кафесі өртенген кезде жанып кеткен Фариданың пәтеріне қатысты жайсыз оқиға («ЖС» №33, 18.08.11) оқырмандарымызды бей-жай қалдырмады. Олар кафені жалға алғандардың берген уәдесі бойынша көмек көрсетілетіні-көрсетілмейтіні жөнінде редакцияның назардан тыс  қалдырмауын өтінген еді.  

Фариданың айтуынша, әзірге жалға алушылармен келіссөздер аяқталмаған. Өртенген ғимараттың әрі қарайғы тағдырын және Фариданың шығынын қайтару туралы мәселені шешетін кафе қожайынының келуін күту керек. 

- Әзірге олар өз уәделерін орындап келеді. Өрт болған күннен бастап мен олардың есебінен «Ақ Жайық» қонақ үйінде тамақтанып, тұрып жатырмын. Онда менің бүтін қалған киімдерімді түтін мен иісті кетіру үшін жуып берді.  Жұма күні кафеге және менің пәтеріме төтенше жағдай департаментінің мемлекеттік сараптама бөлімінің мүшелері келіп кетті. Соның қорытындысын күтіп отырмын.

Кафені жалға алушылардың айтуынша, егер екі жақ ымыраға келсе, нотариалды куәландырылған келісім-шарт толтырылып, Фариданың пәтерінде бірден жөндеу жұмысы басталады. Кафені қатты ренжіген қызметкерлердің бірі әдейі өртегендігі жөніндегі қауесетті жалға алушылар теріске шығарды. 

Олардың айтуынша, шақыртылған сараптамашылар әзірге бейресми түрде, өрттің шығуына кафе шатырының астындағы электр желісінде тұйықталудың орын алғандығы себеп болғанын хабарлаған.  Ал, ресми қорытындылар тек 20 күннен соң ғана дайын болады. Келіссөздердің немен тынғанын біз міндетті түрде хабарлайтын боламыз.  

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

25 тамыз 2011, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.