Атырау, 18 мамыр 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Астанада қоқысты бөлек жинау бағдарламасы жүзеге асырылуда

2 917 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АААСТАНА, 3 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.  Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиағат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, елорданың тұрғын алабтарында қағаз, пластика және аралас қалдықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша жаңа пилоттық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

"Астанада қоқысты бөлек жинау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы мақсатта контейнерлер орналасқан аумақта түрлі түсті жаңа контейнерлер (қағазға - көк, пластикке - сары, аралас қалдықтар үшін - жасыл түсті) қойылады. Пилоттық жоба 36 тұрғын үйді және 17 ПИК-ті қамтиды. Жобаны жүзеге асыру барысында 54 контейнерлік аумақта 108 контейнер орнатылмақ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың жаңа үлгісі туралы халық арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап БҰҰ даму бағдарламасымен бірге электронды қалдықтарды жинау бойынша жаңа бағдарламаны қолға алу көзделген. Жоба аясында кондоминиум аймақтарында арнайы экобокстар орнатылады.

Дереккөз: newskaz.kz

3 ақпан 2015, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.