Атырау, 9 қараша 21:07
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Кедендік одақтың алтын жұмыртқалары

2 846 просмотра

Бір аптаның ішінде-ақ жұмыртқа бағасы бірден 6 теңгеге өсіп шыға келді. Енді он жұмыртқа қала базарларында 200 теңге болса, супермаркеттерде - 190 теңге. Және оны жеткізушілер бағаның мұнымен тұрақталып қалмайтындығын айтады.

Бұл тағы да Қазақстанның Кедендік одаққа кіруінің кезекті бір жағымсыз салдарының бірі. Енді одақтас елдер Ресейдің айтқанымен сатуға мәжбүр: Одақ аумағына өнімдерді шығаруға рұқсат беру толығымен ресейдің ауыл шаруашылық бақылауына берілген. Онда тек ресейлік және беларустық өндірушілерге ғана жол ашық. Олар осы сәтті пайдаланып, өмірде қажеттілігі басым тауарлардың жіберу бағасын жедел өсіріп жіберген. Бүгін, міне, жұмыртқаның бағасы өсті. 

- Украинаның жұмыртқалары сапалы да арзан болып келгенмен, оны біздің базарларға жібермейді, - дейді ірі тауар жеткізуші фирмалардың бірінің басшысы Самат ЖАРАСОВ (облысқа жеткізу көлемі аптасына 12 мың данадан асады). – Біз тек ресейлік және беларусь өндірушілерімен ғана серіктес болуға мәжбүрміз. Сондықтан да баға біздің базарларда өсіп кетіп отыр. Және алдағы болжамдар бойынша жыл аяғына дейін әлі де өсетін болады.

- Демек, бұрынғы бағаға оралу мүмкін емес пе?

– Жоқ, тек келесі жазда ғана бағаның маусымдық төмендеуі болуы мүмкін.

– Қазақстан үшін жіберілетін тауарға рұқсатты неге ресейлік мекеме беруі керек?

– Оны білмедім, алайда, біздің Астанаға және сондай-ақ, Ресей ауыл шаруашылығын бақылау мекемесіне, ҚР ауыл шаруашылығы жанындағы агроөнеркәсіптік мемлекеттік инспекцияға  жолдаған хаттарымыз ешқандай нәтижеге қол жеткізген жоқ. Инспекция бұл мәселені шешпеді, менің түсінуімше, олардың қолдарында өкілеттіліктері жоқ. Олар Украина рұқсатты өзі алуы керек деп мәлімдегенмен, украиндық тауар өндірушілер енді рұқсатты ешқашан ала алмайды, өйткені,  бүгінгі күннің саясаты солай.

Зүльфия БАЙНЕКЕЕВА

25 тамыз 2011, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.