Атырау, 18 мамыр 18:17
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Кәсіподақтар кәсіпорындарда қысқарып қалған қазақстандықтарға жол салуды ұсынды

1 817 просмотра

Фото: voxpopuli.kzФото: voxpopuli.kzАстана. 3 ақпан. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер. Дағдарыс кезінде қысқарып қалған жұмысшылар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында жолдардың құрылысына қатысуы мүмкін, деп мәлімдеді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсаинов.

«Орталықтан еліміздің барлық бағыттарына салынатын жолдардың («Нұрлы жол» аясындағы ҚР президентінің тапсырмасы бойынша - ҚазТАГ) жалпы ұзындығы 5 мың км асады. Бұл дегеніңіз бұл жолдардың құрылысын жүргізу мерзімі ең аз дегенде 4-5 жыл. Бұл уақытша жұмыс емес, бұл белгілі бір адамдар тобының жұмысқа орналасуына үлкен көмек, яғни біз айтып отырған жағдайда (дағдарыс кезінде қысқарып қалғандар үшін - ҚазТАГ)», - деді Ә. Құсаинов ҚР-дағы кәсіподақ қозғалысының дамыту мәселелері бойынше сейсенбідегі брифингте.

Оның айтуынша, жолдардың құрылысы барысында «жедел» жұмыс орындары құрыла бастайды.

«Зауытта бір жұмыс орнын ашу үшін ең аз дегенде үш жыл, құрылыс, мамандарды оқыту, станоктарды орнату және оны іске қосу керек. Ол үшін үш жыл қажет. Ал, автомобиль жолдарының құрылысы барысында жұмыс орындарын ашу уақытты қажет етпейді», - деп есептейді федерация басшысы.

Ол атап өткендей, «Нұрлы жол» жобалары аясында 200 мыңнан астам «жедел» жұмыс орнын ашу жоспарланған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

3 ақпан 2015, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.