Атырау, 18 мамыр 16:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандықтар шетелде интеллектуалдық меншік құқығын тіркете алады

3 425 просмотра

Фото: urgazeta.kzФото: urgazeta.kzАстана. 3 ақпан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстандық азаматтарға шетелде берілген интеллектуалдық меншік патенттері Қазақстан аумағында да жарамды, деп хабарлады ҚР парламенті сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Людмила Полторабатько.

«Қолданыстағы заңнама, негізі, интеллектуалды құқықты қорғайды, бірақ тауар белгілері бойынша заңдар туралы Еуразиялық патент, Сингапурлық келісім шарт секілді халықаралық құжаттардың қабылдануына байланысы, біз де өз заңнамаларымызды сол құжаттарға сәйкестендіріп жатырмыз. Ең басты жаңалық, ел ішінде ғана тіркелетін инновациялық патенттің орнына, «патент» деген түсінікке өтіп жатырмыз. Яғни біздің азаматтар патенттерін, яғни құқықтарын бізде ғана емес, шетелде де тіркей алады», - деді Л. Полторабатько сейсенбіде «ҚР интеллектуалды меншік саласындағы құқықтық реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты сенат кулуарында.

Ол шетелдік патенттердің де Қазақстан аумағында жарамды болатынын айта кетті.

Бұл ретте сенатор интеллектуалды құқықтың құқықтық меншік нысаны екенін атап өтті.

Қорытындысында Л. Полторабатько бұл мәселелердің алдағы уақытта палатаның алқа отырысының бірінші оқылымында қаралатынынан хабардар етті.

Дереккөз: ҚазТАГ 

3 ақпан 2015, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.