Атырау, 29 наурыз 12:06
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Білім беру басшылығында ауыс-түйістер болды

6 386 просмотра

Атырау білім беру саласында үлкен кадрлық ауыс-түйістер орын алуда. Қысқа мерзім ішінде облыстық білім беру басқармасы және қалалық білім беру бөлімінің басшылары, сондай-ақ, екі беделді мектептің директорлары ауысты.

Облыстық әкімдікте облыстық білім беру басқармасы бастығының лауазымды міндетінен Киікбай ЖАУЛИН Х. Досмұхамедов атындағы АМУ ректоры болып тағайындалуына байланысты босатылғандығын растады. Облыстық білім беру басқармасы бастығының міндетін уақытша басқарма бастығының орынбасары Злиха ДҮЙСЕКЕНОВА атқаруда. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып, бұрын №17 мектеп-лицейдің директоры болған Фируза ШАНГЕРЕЕВА тағайындалса, оның орынында мектепті оқу ісінің меңгерушісі Дариға БАЛТАБЕКОВА уақытша басқарып отыр. Қалалық білім беру бөлімінің бұрынғы бастығы Софья ӘЛІБАЕВА өзінің бұрынғы орынына – ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия директоры болып келді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

25 тамыз 2011, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.