Атырау, 18 мамыр 16:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Назарбаев Серджио Маттареллуді Италия президенттігіне сайлануымен құттықтады

1 666 просмотра

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Серджио Маттареллаға Италия Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

«Алдағы уақытта Сізбен бірге елдеріміздің зор ынтымақтастық әлеуетін барынша дамытуға күш жұмсайтыныма қуаныштымын», – делінген жеделхатта, деп хабарлады дүйсенбі күні Ақорданың ресми сайты.

Жеделхатта Қазақстан мен Италия арасындағы достық, өзара сенім және стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін нығая беретіндігі айтылған.

Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев С.Маттареллаға зор денсаулық, жаңа қызметіне табыс, ал достас Италия халқына бақ-береке тіледі.

Еске салсақ, Италия парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында, 20 облыс өкілдерінің қатысуымен өткен дауыс беруде, Италия президенттігіне Конституциялық соттың 73 жасар судьясы Серджио Маттарелла сайланды. Жаңа президент 7 жылға сайланды.

Алдында Конституциялық сот судьясы болып қызмет атқарған С. Маттарела президенттікке үміткер ретінде Демократиялық партиядан ұсынылған.

Оның алдындағы президент - 89 жасар Джорджо Наполитано 14 қаңтарда денсаулығына байланысты отставкаға сұранды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

2 ақпан 2015, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.