Атырау, 26 қараша 17:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ақтауда мәйітханада тегін көрсетілуі тиіс қызметке ақы алып келген

1 860 просмотра

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласы прокуратурасының өкілдері «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҚ МҚК патологоанатомиялық бөлімшесінде мәйітхана қызметкерлері ҚР Үкіметінің №2136 қаулысымен бекітілген тегін көрсетілуі кепілдендірілген медициналық көмектің тізіміне енгізілген қызметтерге ақы алғанын анықтады.

«Аурухана 2013 жылдың басында тиісті бұйрықпен ақылы медициналық қызметтерге баға прейскурантын бекіткен. Оған тегін көрсетілуі тиіс қызметтер енгізілген: бұл денені ашу, классикалық гистологиялық зерттеу және гистологиялық зерттеу үшін жедел биопсия қызметтері. Осылайша, аурухана патологоанатомиялық бөлімшенің қызметін заңсыз ақылы көрсеткен», - деп атап өтті Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі Айнұр Жөнелбек.

Бұдан басқа, тексеру барысында, осы бөлімшеде зерттеу жүргізген кезде пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтар мен мүкәммалдар пайдаланылатыны анықталды, олар: анотомиялық үстел 1984 жылғы,  «Биолам Р-11» (1989 жылғы) және «Биолам Р-15» (1991 жылғы) микроскоптары. Заттардың паспорттарына сәйкес олардың қызмет мерзімі 8-10 жылдан аспауы тиіс екенін атап өтті А. Жөнелбек.

Дереккөз: inform.kz

2 ақпан 2015, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.