Атырау, 26 қараша 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда республикалық автожолдардың үштен бірі ақылы болады

2 070 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін Қазақстанда республикалық автожолдардың үштен бірі ақылы болады. Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті.

Еске сала кетейік, отырыс барысында «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының шеңберіндегі көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланған болатын.

«Көлік инфрақұрылымын дамытудың 2022 жылға дейінгі мемлекеттік жоспарына сәйкес, республикалық маңызға ие ақылы автокөлік жолдарын 7 мың шақырымға дейін арттыру көзделеді. Бұл шамамен еліміздің республикалық маңызға ие 23 мың шақырым жолдарының үштен біріне тең», - деді министр орынбасары.

Оның айтуына қарағанда, ақылы жолдардың қатарында «Астана-Теміртау», «Алматы- Қапшағай», «Астана-Павлодар» және басқа да жүк қауырттылығы мен қозғалыс трафиктері жоғары жолдар бар. Осыған орай, ведомство өкілінің айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартысында көліктің барлық түрлері үшін бірінші техникалық санаттағы автокөлік жолдарының қайта енгізілген ақылы жүйесі қондырғыларына жобалық құжаттамалар әзірлеу жұмыстары атқарылатын болады.

«Бұдан бөлек, министрлік республикалық желі бойынша жол учаскелерінен ақы алу жүйесін енгізу үшін инвесторлар тарту мәселесін қарастыруда. Соның ішінде бүгінгі күні екінші техникалық санаттағы автомобиль жолдарынан 12 тоннадан асатын жүк көліктері үшін ақы төлеудің ашық жүйесін енгігу мүмкіндіктері де қаралуда», - дейді Ж. Қасымбек.

Дереккөз: inform.kz

2 ақпан 2015, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.