Атырау, 26 қараша 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның бірнеше банкі ипотеканы доллармен беруді тоқтатты

1 777 просмотра

Иллюстрация: tengrinews.kzИллюстрация: tengrinews.kzҚазақстан банктері ипотекалық несие беру жүйесін әлі де жаңартқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанның бірқатар банкі ипотекалық қарызды теңгемен рәсімдеуді уақытша тоқтатып, тек валютамен берген болатын.

Алайда қазір тек Қазкоммерцбанк ипотеканы доллармен беріп жатыр. Ал Ресей Жинақ банкі мен Темірбанк қазіргі таңда доллармен ипотека беруді де тоқтатты. Оның себебін банктердің call-орталықтары әлемдегі макроэкономикалық ахуалдың нашарлауымен түсіндірді.

Банктердің бірі бұған дейін несилеу жүйесін жаңарту туралы 20 қаңтардан кейін белгілі болатынын хабарлаған еді. Ипотека беру жүйесі 2015 жылдың ақпан айында жаңартылады деп бағамдалды. Алайда қазір банктердің байланыс орталықтары ипотекалық несие беру жүйесінің қашан жаңаратыны туралы болжамды мерзімді де айтпай отыр.

Сонымен қатар, Қазақстанның өзге де банктерінің ипотеканы тек теңгемен беруді жалғастырып жатқанын айта кетейік. Олардың қатарында АТФ Банкі, Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, Альянс банк пен Халық банкі бар. Бұл банктерде құжат рәсімдеу кезінде баспана құнының 20-30 пайызын алдын ала төлеу міндеттеледі.

Сонымен қатар, бұған дейін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Светлана Қадырәлиева "Ақ жол" партиясына Қазақстанның көптеген банктерінде теңгемен несие берілмейтіні жөнінде кәсіпкерлерден өте көп арыз түсетіні туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, барлық несие доллармен немесе шетелдік валюта бағамына байланып беріледі. Депутат мұнымен қоса, теңгемен берілген үш несиеде пайыздық үстемақының жоғары болғаны сонша, кез келген кәсіпкерлік қызметінің мәнін жоғалта алатыны туралы айтып өтті.

Алайда қаржы институттарының call-орталықтары Қазақстан банктерінің тұтынушылық несиені теңгемен және кепілсіз беруді тоқтатпағаны және несие беруді жалғастырып жатқаны туралы хабарлады. Тек олардың қатарында Еуразиялық банк жоқ. Мекеме несие беру арызын тек 1-2 аптадан кейін ғана қабылдай бастайды, айтуларынша қазір техникалық себептер бойынша бұл жүйе жұмыс істемей тұр.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 ақпан 2015, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.