Атырау, 19 мамыр 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оралдан 30 шақырым жерде газ құбыры өртенуде

1 643 просмотра

Фото: Kapital.kzФото: Kapital.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - БҚО Зеленов ауданының Новенький және Ақжол кенттері арасында түнгі сағат үштің шамасында газ құбыры өртенді, деп хабарлады "Мой город".

Куәгерлердің айтуынша, әуелі жарылыс сияқты дыбыс естілген. Бұдан кейін бірнеше метр биіктікке жалын көтерілген. Оттың көлемі үлкен болғаны соншалық, оны қаладан да көруге болады.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, бірнеше өрт сөндіретін машиналар келіп жетті. Отты сөндіретін техникалар келіп жатыр.

Бұл диаметрі 1200 миллиметрлік «Орынбор - Новопсков халықаралық газ құбыры екені анықталды, оның иесі - «Орал-Орталық Азия» халықаралық газ құбыры басқармасы. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт шамамен таңғы сағат үштің маында басталды, жедел штаб құрылды, төтенше жағдай жарияланды.

Бұл газ құбыры Зеленов ауданының 22 елді мекенін, Тасқала ауданын және Орал қаласын газбен жабдықтайды.

Таңғы сағат 7:30-да газ құбырының екі жағы бітелгені хабарланды, енді өрттің  одан әрі таралуына қауіп жоқ.

Дереккөз: inform.kz

2 ақпан 2015, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.