Атырау, 26 қараша 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қамалиев ҚТЖ вице-президенті болып тағайындалды

2 682 просмотра

Фото: tengrinews.kzФото: tengrinews.kzАстана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Берік Қамалиев «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ҰК» АҚ вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы бұйрығымен компанияның вице-президенті болып Қамалиев Берік Сайлауұлы тағайындалды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

2010 жалдан бастап 2014 жыл аралығында Б.Қамалиев индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, көлік және коммуникация министрі, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болды.

2014 жылдың мамырынан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болған.

Сонымен қатар ҚТЖ вице-президенті міндетін атқарған Ермек Қизатов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалған.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – ҚР ұлттық темір жол тасымалдаушысы. Компанияның жалғыз акционері - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 қаңтар 2015, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.