Фото: total.kzАстана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның айырбас қосындарында 2014 жылғы желтоқсан айында $4,097 млрд сатылды, делінген қаржылық қызметті дамытудың Ұлттық қорының хабарында.
«Қаржылық қызметті дамытудың ұлттық қоры 2014 жылы тек желтоқсан айында $4,097 млрд сатылды, ал осы айда сатып алынған доллар $883 млн болғанын хабарлады», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Салыстыру үшін: 2014 жылғы қарашада ҚР айырбас қосындары американдық валютаны екі еседен артыққа аз сатты - $1,987 млрд, ал бұл ретте олар сатып алған валюта көлемі $699 млн болды.
«Сондай-ақ Қазақстанда ресейлік рубльге сұраныс күрт артты – 2014 жылы желтоқсанда ҚР айырбас қосындары 26,656 млрд рубль сатты, ал ҚР айырбас қосындарының сатып алған ресей рубльдері 4,685 млрд болды», - делінген хабарда.
Бұл ретте 2014 жылғы қарашада ҚР айырбас қосындары 3,052 млрд рубль сатып алып, 16,293 млрд рубльды сатыпты.
Дереккөз: ҚазТАГ