Атырау, 26 қараша 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан мәдениет министрі латыншаға өту үдерісін тездету керек деп есептемейді

1 953 просмотра

Фото: thenews.kzФото: thenews.kzАстана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда латыншаға өту үдерісін тездету қажеттігі жоқ деп есептейді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Мен ол үдерісті тездету керек деп есептемеймін, себебі ол әр кез маңызды білім беру мәселесіне қатысы, ол (латыншаға өту – ҚазТАГ) біздің жұмысымызға әсерін тигізбеуі керек, бірақ латыншаға өту – ол қабылданған бағдарлама. Ол өзінің кестесіне сай жүре береді», - деді А. Мұхамедиұлы жұма күнгі брифингте.

Оның айтуынша, қазір аталған мәселені зерттеу жүріп жатыр, атап айтқанда клавиатурада қазақтың барлық алфавиттерін теру мәселесі.

Ол сондай-ақ латыншаға өтуде оқу және білім беру бағдарламаларын дайындау керектігін жеткізді.

«Латыншаға өту, өздеріңіз білетіндей, ұзақ мерзімдік бағдарлама және ол бағдарламада қай жылдары латыншаға өту керектігі жазылған. Негізгі қадамдар (латыншаға өтудің – ҚазТАГ) 2025 жылы басталады», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан 2010 жылы қазақ алфавиттерін латыншаға көшірмек ниетінің барлығын мәлім етті. 

Дереккөз: ҚазТАГ

30 қаңтар 2015, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.