Атырау, 26 қараша 17:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жоламановқа қатысты сот отырысы оның денсаулығының сыр беруіне байланысты басқа күнге ауыстырылды

2 623 просмотра

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты кезекті сот отырысы оның денсаулығының сыр беруіне байланысты басқа күнге ауыстырылды деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға сотталушының қорғаушысы Мағауия Елемесов.

"Сот отырысы Жоламановтың денсаулығының сыр беруіне байланысты басқа күнге ауыстырылды. Оның қан қысымы көтерілді. Кеше, бүгін тағы көтерілді. Судья «жедел жәрдем» шақырды. Дәрігерлер оған тыныштық сақтау қажеттігін айтты. Сот отырысы дүйсенбіге 2-ші ақпанға дейін қалдырылды ", - деді Елемесов  агенттік тілшісіне телефон арқылы.

Сот  отырысы мамандандырылған ауданаралық әскери сотында 26 қаңтардан бастап өтуде. Сот отырысына судья Ербол Ахметжанов төрағалық етуде. Н. Жоламанов ҚР ҚК-нің 311-бабы, 5-бөлімі - пара алу және ҚР ҚК-ның 235-бабы, 3-бөлімі - бір немесе одан да көп қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару сияқты тармақтар бойынша айыпталып отыр.

Дереккөз: newskaz.kz

30 қаңтар 2015, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.