Атырау, 26 қараша 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Каспий теңізі бірнеше жылда алғаш рет қатып қалды

3 455 просмотра

Фото: newskaz.ruФото: newskaz.ruАқтау. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Каспий теңізі бірнеше жылда алғаш рет қатып қалды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК Маңғыстау филиалының гидрологтары.

«(Каспий теңізіндегі – ҚазТАГ) мұздың шетінің жалпақтығы 80-90 метрді құрады. Мұздың түзілуі 4-ықшамауданнан «Нұр-Плаза» жағажайының оңтүстігіне қарай байқалған. Сонымен қатар бұл мұз түзілуінің бастапқы пішіні, яғни – қабыршақ мұз», - деді инженер-гидролог Нұрлан Сәрсенбаев.

Мұнымен бірге «Нұр-Плаза жағажайының оңтүстігіне қарай, тұтас мұз жалпақтығын біртіндеп азайта келіп, қабыршақ мұз ені бестен бір метрге дейін жететін мұз инелеріне ұласады, ал сосын Сарбаз жағажайы маңында толығымен жоғалады.

«Қабыршақ мұз – кесе-көлденең ені бірнеше сантиметрге жететін ақ түсті мұздың кеуек кесектерінің топтануы, анжырдан немесе су бетіне жауған қойыртпақ қардан, ал кейде беткі қабатқа көтерілетін су түбіндегі мұздан пайда болады. Мұз инелері – судағы жұқа инелер немесе мұз тақтайшалары», - делінген гидрологтардың хабарында.

Алдағы аптаға деген болжамға сәйкес, ауа температурасы қызады және плюстік режімге ауысады, соған сай, Каспийдегі мұз ұзақ тұрмайды.

Мамандардың айтуынша, Каспийде сондай ұзындықтағы мұз қабығын көру – сирек нәрсе. Ондай 5-7 жылда бір рет болады. Ондай табиғи құбылыстағы ауырлықтар қыстауға ұшып келетін аққуларға туады.

«20-30 аққуға жем-шөп базасын даярлау қажеттілігі жоқ. Егер, әрине, теңіз ұзақ уақыт бойынша қатып тұрмайтын болса. Егер қажеттілік туа қалса, онда біз жедел амал-шараларды қабылдаймыз», - деді бұрынырақ Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшы орынбасары Орынбасар Тоғжанов. 

Дереккөз: ҚазТАГ

30 қаңтар 2015, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.