Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов жинақты неліктен теңгемен сақтау керегін және жыл соңына дейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қаншалықты өзгеретіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Тәуелсіз сарапшы теңге бағамынан бөлек девальвацияның бірқалыпты стратегиясын ұстану не үшін керек екенін айтты.
Олжас Құдайбергеновтің айтуынша, жыл сайын болатын девальвация елдің экономикасын қатты әлсіретеді. Ал рубльдің ізімен жүруді ұсынып, валютаның арақатынасын қайтаруды ойлап отырғандар оның салдарын ескеріп отырған жоқ, себебі мұндай жағдай елдің бәсекеге қабілетті болуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, Олжас Құдайбергенов қазақстандықтар үшін өз жинақтарын теңгемен сақтағандары дұрыс болатынын айтты, себебі долларға сұраныстың артуы орынсыз девальвацияны тұғызады.
Еске сала кетейік, 2014 жылы желтоқсанда Қазақстан экономистер қауымдастығының атқарушы директоры, экономист Олжас Құдайбергенов жыл соңына дейінгі теңге бағамына болжам жасаған болатын. Ол жыл соңына дейін теңге бағамына қатер төнбейді және 181,40 (плюс/минус 10-20 теңге) сақталады, деп болжады. "Ұлттық банк бағамды ұстап тұра алады. Басқарушы банктың қолында бағамды икемді ұстап тұруға қажетті барлық құрал бар", - деді ол.
Дереккөз: tengrinews.kz