Атырау, 26 қараша 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«ҚазАгро» Шотландия корольлігінің банкінен алынған 100 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарызын өтеді

1 436 просмотра

Ақпаратқа сәйкес, ақша қаражаты Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру мақсатымен Холдингтің ңайналым капиталын толықтыру үшін тартылды.

"Тартылған қарыз қаражаты есебінен ауылшаруашылық техникасын сатып алуға арналған 115 Лизинг шарты жасалды, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 465 қарыз алушылар қаржыландырылды, 2800 бас ірі қара мал сатып алынды, 2011,3 тонна ірі қара малдың еті, сонымен бірге кейіннен өңдеу үшін 1 266,7 тонна жүн сатып алынды", - делінген хабарламда.

Халықаралық инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің уақтылы және әдепті орындалуы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін тағы да растайды, ол өз кезегінде инвесторлар үшін Холдингті сенімді және бағалы клиент ретінде көрсетеді.

Аталған транзакция «ҚазАгро» холдингінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында халықаралық инвесторлармен ынтымақтастығының көрнекі мысалы болып отыр.

ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

28 қаңтар 2015, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.