Атырау, 26 қараша 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы атауын өзгерттi

1 835 просмотра

Бүгiн, сейсенбiде ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының съезi барысында палата атауы өзгертiлдi. Делегация мүшелерiнiң дауыс беруiмен палата атауы бiрауыздан "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы деп аталатын болды.

"ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасының заңды мұрагерi екенiн бiлесiздер. Өз кезiнде "Атамекен" Ұлттық экономикалық палатасы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және бүгiнгi палатаның iргетасы сол болды. 2014 жылы кәсiпкерлердiң ықпалдасуы, олардың заңды құқықтарын қорғау саласында атқарған қыруар жұмысы "Атамекен" ҰЭП салып кеткен жолдың негiзiнде ғана мүмкiн болып отыр. Сондықтан ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының атауын "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы деп өзгерту жөнiнде ұсыныс айтылды. Мұндай өзгерiстер палатаның тиiстi жарғыларына енгiзудi талап етедi", - дедi Ұлттық кәсiпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы - бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында Үкімет және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП бірлескен шешімімен 2013 жылдың 9 қыркүйегінде құрылған, өзін-өзі басқаратын коммерциялық емес ұйым.

ҰКП негізгі қызметтері - кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік ету; кәсіпкерлік белсенділігінің, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайының қоғамдық мониторингін жүргізу; кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаларына қатысу; отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы үлесті арттыру; техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды дайындау, қайта дайындау, біліктілікті арттыру, сертификаттау және аттестаттау; кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру, инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру.

Сонымен бірге, әзірленіп жатқан ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2015- 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ҰКП-ға тиісті стратегиялық құжаттар мен даму жоспарларын талқылау мен әзірлеуде маңызды рөл берілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

27 қаңтар 2015, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.