Атырау, 8 маусым 07:06
 ашықВ Атырау +24
$ 446.65
€ 477.65
₽ 5.49

Зейнетақы аударылымына прокуратура араласты

2 163 просмотра

«SANA Build Co» компаниясында жұмысшылардың зейнетақы аударымы уақытында аударылмаған.

Жұмысшылар өз талаптарын орындата алмағасын Мақат аудандық прокуратурасына ұжымдық негізде шағым түсірді. Тексере келгенде, жұмысшылардың бірнеше ай бойғы 899 мың теңге зейнетақы аударылымы есепшотқа түспегені анықталған.

- Компания әрбір айдың зейнетақы аударылымын келесі айдың аяғында аударып отыруы керек еді. Бірақ бұған компания басшылығы атүсті қараған, - деп хабарлайды Мақат ауданы прокурорының көмекшісі Жасұлан ЖҰМАҒАЗИЕВ. – Сөйтіп, қаңтардан мамырға дейінгі аударылымдар прокуратураның араласуымен аударылды. Ал заң бұзушылыққа жол бергендер жазасыз қалмайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 тамыз 2011, 23:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.