Атырау, 27 қараша 05:24
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзекке де кезек келді

3 469 просмотра

«АЖ»-ның №29 санында (“Құрсай мен  Қамыскөлді арашалар жан бар ма?” - 21.07.2011 ж.) Жылыой ауданындағы Қамыскөл көлі мен Құрсай өзегінің ауыр халі туралы дабыл қаққан едік.

Шынымен де, ауданда дабыл қағатындай жағдай қалыптасып отыр. Құрсайдың бір бөлігі су жетпей қақсып жатса, енді қалған бөлігін қамыс басқан. Өзектің құм топырақтан бітеліп қалған тұстары да кездеседі. Ал Қамыскөл болса екі-үш метрге тартылып кеткен.

- Қамыскөлге су толтыруды қыркүйекте қолға алмақпыз, - дейді Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН. - Себебі, Бақашы бөгетінің төменгі бөлігінде шаруалар бау-бақша дақылын еккен болатын. Біз Бақашыны бөгесек, олардың егіні күйіп кетпекші. Амал жоқ, күз болмай бөгетке тоқтау сала алмаймыз. Және тамыздың аяғында ТШО-мен кездесу болып, алда атқарылар жұмыстар екшелмекші. Әлеуметтік көмек беру олардың бағдарламасында бар. Осыны пайдаланып, бұл жолы Бақашы бөгетіне шлюз салуға қаржы сұрамақпыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

25 тамыз 2011, 23:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.